ХІХ ғасырда Оңтүстік өңірде ел билеген, дарынды, парасатты, дінді берік ұстанған, халық қамын ойлаған қасиетті тұлға Батырбек датқа туралы баспасөз бетінде жиі-жиі жазылып жүр. Бұл кісінің жергілікті жерлерде үй салдырып, каналдар қаздырып, халықты отырықшылыққа бейімдеудегі еңбегі зор. Мешіт-медреселер салдыртып халықты, әсіресе, жас ұрпақты дінсізденуден аман сақтап қалудағы өлшеусіз еңбегі туралы абайтанушы, академик М.Мырзахметұлы, кардиолог-академик С.Жошыбаев, профессор Қ.Бөлеевтер деректер негізінде мақалалар жазды да.
Батырбек датқа ел билеген кемеңгер, данышпандығымен қоса, қасиет дарыған әулие кісі. Ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай, Кіші жүздің байлары Мырқы, Нұрпейістермен Меккеге қажылыққа бірге барып, сол жақта бірігіп қаражат шығарып қонақүй салғызған екен. Өзінің туған мекені Бөкейтаудың етегінде де (Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы) зәулім мешіт-медресе салғызып, дін жолын уағыздаған. Сол мешіт-медресені, тағы басқа өзге елді мекендердегі датқа салдырған мешіттерді 1928 жылы коммунист басшылар бұздырып тастапты. Бірақ, осы жұмысты басқарған, қатысқандардың екі-үшеуі жынданып өлсе, қалғандарынан ұрпақ қалмай, дүниеден қор болып өтті деседі ел. Батырбек датқаның өзі сол мешіт-медресенің жанында жерленген. Бұрын мешіт пен күмбез орны бұзылғаннан бері ашық жататын. Осыған алаңдаған халықтың өтінішін 2012 жылы Жуалы ауданына әкім болып келген Б.Құлекеев жерге тастамады. Бес айдың көлемінде халықтан жиналған қаражатқа Батырбек датқаның күмбезін тұрғызып, аудан орталығында ескерткішін орнатты. Қасиетті кісінің жатқан жеріне келіп түнеп, зиярат жасайтындар көп. Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбай Байқонысов бірде басынан өткен бір әңгімесің айтып берген еді. «Соғыстан кейін үйленген болатынмын. Жұбайым екеуміз жұмыс істейміз, мен қаржы агентімін ауылда, әйелім колхозда қызылшашы. Үш баламыз тұрақтамай шетінеп кетті. Сөйтіп, қайғырып жүргенде, әйелім қасиетті кісі жатқан жерге жақын маңайда қызылша теріп жүріп, түс кезінде тынығып отырып, көзі ілініп кетеді. Сол кезде қасиетті кісі әйелімнің түсіне кіріп, «Шырағым, күйеуің екеуің мұңайып жүр екенсіңдер ғой, мынау қолымдағы сүйелді сүйші!» деп қолын ұсынады. Сол кезде әйелім қасиетті кісінің қолындағы сүйелін сүйіп тұрып, оянып кетеді. Содан кейін туған балаларымыз, яғни 8 ұл-қызымыз дін аман» деген еді немере-шөберелер көріп отырған майдангер ағамыз. Айта берсең мұндай оқиғалар көп. Еңбек ардагері Талап Әбдуәлиев 1950 жылдары Сергей деген тракторшыға тіркемеші болады. Қасиетті кісі жатқан Датқасаздың айналасын оруға Севастьянов деген бастық нұсқау береді. Талап бастыққа да, тракторшыға бұл жерде қасиетті кісі жатқанын ескертеді. «Сендер қазақтар қайдағыны ойдан шығарасыңдар, шөп оруға кірісіңдер!» деп бастық айқайлайды. Амал жоқ шөп орып келе жатып, қасиетті кісі жатқан жерге жақындай бергенде, трактор да, тіркеме де аударылып, екеуі екі жаққа ұшып кетеді. Тракторшы Сергейдің аяқ-қолы сынып, Талап аздап жарақат алғанымен аман қалады. Осыларды көрген бастықтың есі шығып, сонан кейін бұл жердің шөбін шабуға тыйым салыпты. Баймолда Бүтінбаев 45 жыл ауыл мектебінде ұстаз болған кісі. Жастайынан сырқат екен. Қатты науқастанып қасиетті кісінің жатқан жеріне келіп түнеп, дертінен айығып кеткенін жиі-жиі еске алады.
Батырбек датқа 1795 жылы туылып 1885 жылы 90 жасында дүниеден озды. Тарихи тұлғаның ұл-қыздарынан тараған ұрпақтары қазақ елінің барлық өңірлерінде тұрып жатыр. Нұрмағамбет Елепаев,зейнеткер, ҚР еңбек сіңірген тіс дәрігері. Батырбек датқа ел билеген кемеңгер, данышпандығымен қоса, қасиет дарыған әулие кісі. Ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай, Кіші жүздің байлары Мырқы, Нұрпейістермен Меккеге қажылыққа бірге барып, сол жақта бірігіп қаражат шығарып қонақүй салғызған екен. Өзінің туған мекені Бөкейтаудың етегінде де (Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы) зәулім мешіт-медресе салғызып, дін жолын уағыздаған. Сол мешіт-медресені, тағы басқа өзге елді мекендердегі датқа салдырған мешіттерді 1928 жылы коммунист басшылар бұздырып тастапты. Бірақ, осы жұмысты басқарған, қатысқандардың екі-үшеуі жынданып өлсе, қалғандарынан ұрпақ қалмай, дүниеден қор болып өтті деседі ел. Батырбек датқаның өзі сол мешіт-медресенің жанында жерленген. Бұрын мешіт пен күмбез орны бұзылғаннан бері ашық жататын. Осыған алаңдаған халықтың өтінішін 2012 жылы Жуалы ауданына әкім болып келген Б.Құлекеев жерге тастамады. Бес айдың көлемінде халықтан жиналған қаражатқа Батырбек датқаның күмбезін тұрғызып, аудан орталығында ескерткішін орнатты.
Қасиетті кісінің жатқан жеріне келіп түнеп, зиярат жасайтындар көп. Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбай Байқонысов бірде басынан өткен бір әңгімесің айтып берген еді. «Соғыстан кейін үйленген болатынмын. Жұбайым екеуміз жұмыс істейміз, мен қаржы агентімін ауылда, әйелім колхозда қызылшашы. Үш баламыз тұрақтамай шетінеп кетті. Сөйтіп, қайғырып жүргенде, әйелім қасиетті кісі жатқан жерге жақын маңайда қызылша теріп жүріп, түс кезінде тынығып отырып, көзі ілініп кетеді. Сол кезде қасиетті кісі әйелімнің түсіне кіріп, «Шырағым, күйеуің екеуің мұңайып жүр екенсіңдер ғой, мынау қолымдағы сүйелді сүйші!» деп қолын ұсынады. Сол кезде әйелім қасиетті кісінің қолындағы сүйелін сүйіп тұрып, оянып кетеді. Содан кейін туған балаларымыз, яғни 8 ұл-қызымыз дін аман» деген еді немере-шөберелер көріп отырған майдангер ағамыз. Айта берсең мұндай оқиғалар көп. Еңбек ардагері Талап Әбдуәлиев 1950 жылдары Сергей деген тракторшыға тіркемеші болады. Қасиетті кісі жатқан Датқасаздың айналасын оруға Севастьянов деген бастық нұсқау береді. Талап бастыққа да, тракторшыға бұл жерде қасиетті кісі жатқанын ескертеді. «Сендер қазақтар қайдағыны ойдан шығарасыңдар, шөп оруға кірісіңдер!» деп бастық айқайлайды. Амал жоқ шөп орып келе жатып, қасиетті кісі жатқан жерге жақындай бергенде, трактор да, тіркеме де аударылып, екеуі екі жаққа ұшып кетеді. Тракторшы Сергейдің аяқ-қолы сынып, Талап аздап жарақат алғанымен аман қалады. Осыларды көрген бастықтың есі шығып, сонан кейін бұл жердің шөбін шабуға тыйым салыпты. Баймолда Бүтінбаев 45 жыл ауыл мектебінде ұстаз болған кісі. Жастайынан сырқат екен. Қатты науқастанып қасиетті кісінің жатқан жеріне келіп түнеп, дертінен айығып кеткенін жиі-жиі еске алады.
Батырбек датқа 1795 жылы туылып 1885 жылы 90 жасында дүниеден озды. Тарихи тұлғаның ұл-қыздарынан тараған ұрпақтары қазақ елінің барлық өңірлерінде тұрып жатыр.