«Хабар»
Агенттігінің
идеясымен
түсірілген
даңқты
қолбасшы,
Кеңес
одағының
батыры
Бауыржан
Момышұлы
туралы
тарихи
телефильмнің
ресми
трейлері
шықты.
Күні
кеше
ғана
ғаламтор
желісінде
жарияланған
бейнероликті мыңнан
астам адам көріп
үлгерді.
Картина желтоқсан
айының он жетісінен
бастап «Хабар»
арнасынан көрсетіледі
деп жоспарлануда.
Фильм «Хабар»
Агенттігі мен белгілі
режиссер Ақан
Сатаевтың көрерменге
тәуелсіздік күніне
арнаған сыйы болмақ.
Фильмнің бірінші
маусымының
сценарийін Тимур
Жақсыбаев жазды.
Оған Александр
Бектің «Арпалыс» атты
повесінің бірінші бөлімі
негіз болған. Фильмде
батальон командирі
ретінде ұрысқа
қосылған Бауыржан
Момышұлының
алғашқы шайқасы,
оның майдандас
достарының екіұдай
көңіл-күйі, өзіне де,
өзгеге де талапшыл
командирдің
жаужүрек мінезі
туралы баяндалады.
Басты рөл - М.Әуезов
атындағы
академиялық драма
театрының актері
Еркебұлан Дайыровқа
бұйырды. Батырдың
жары Жамалдың рөлін
Әсел Сағатова,
генерал Панфиловты
Виктор Ашанин,
летейнант Қасеновты
Саят Есембаев
сомдады.
«Бұл кез-келгеннің
басына қона бермейтін
бақ қой, сол бақты
бағалай білген абзал
деп ойлаймын. Маған
сенім артқан осы
телефильмнің авторы
- «Хабар» агенттігіне ,
Ақан ағаға рахмет
айтқым келеді. Мен де
осы кісілердің
сенімдерін ақтап
шығуға барынша
тырыстым. Шынымды
айтсам, осы жолы
Баукеңнің
шығармашылығына,
мінезіне қатты ғашық
болдым. Кімді ойнап
жатқанымды білуім
керек қой. Сондықтан,
Баукеңді зерттеу
барысында қазақта
осындай азаматтың
барына қуандым. Біз
онымен мақтануымыз
керек. Кейінгі біздің
өскелең ұрпаққа
үлкен тілегім,
құлақтарына алтын
сырға Бауыржанның
кім екенін білсін,
танысын. Негізі,
Баукеңнің бойындағы
тұнып тұрған
батырлық әр қазақ
жігітінің қанында бар.
Сол жұрнақ бәрінде
бар. Егер ол болмаса,
осыншама ұлан-ғайыр
жерді кезінде біздің
жігіттер алып қалмас
еді», - дейді басты
рөлді сомдаушы актер
Еркебұлан ДАЙЫРОВ.
Телефильм 4
бөлімнен тұрады
Өндіруші: «Хабар»
Агенттігі, Sataifilm
Продюсері әрі
режиссері: Ақан Сатаев
Қоюшы
оператор: Хасан
Қыдырәлиев
Сценарий авторы:
Тимур Жақсылықов
Рөлдерде: Еркебұлан
Дайыров, Виктор Ашанин,
Әсел Сағатова, Саят
Исембаев, Мақсат
Сәбитов, Бақтияр Қожа
Трейлердің
сілтемесі